Гульбаршын Думан

06 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе,кұрметті Айкан Аканович.Мен,Тараз қаласындағы “Болашақ” гуманитарлық колледжінің,медицина бөлімінің,”Емдеу ісі” факультетінің 2-ші курс студентімін.Мен колледжде оқығандықтан 1-ші курста мектеп бағдарламасы болды.Менің сізге қояр сұрағым,мен сіздерге хирургия кафедрасына тапсыруыма боладыма?Грант алу мүмкіндігім барма?

Ответ:

Құрметті Гульбаршын!

Егер сіз хирург болғыныз келсе, колледж аяқтағаннан кейін, ҚазҰМУдің қабылдау бөліміне келіп жалпы медицина мамандығына құжаттарыңызды тапсырасыз, сдан кейін кешенді тестілеу нәтижесінде мемлекеттік білім гранты конкурсына тусесіз. Конкурстан мемлекеттік білім грантына өткен жағдайда жалпы медицина мамандығында 2 курстан бастап электив пәндер басталады, сол кезде хирургия бағытына жол беретін электив пәндерді таңдауыңыз қажет. 2006 жылы құрылған оқу бағдарламасы бойынша 5+2 (бакалавриат+интернатура) кейін жалпы практикалық дәрігер дипломын аласыз. Ары қарай толық хирургия маманы болу үшін 2 немесе 4 жыл аралығында резидентруа оқуыңыз керек. Сізге сәттілік тілеймыз!


_ _ _

Loading