Асылбек

08 Jan 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

От: Интерн 6 курс <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Құрметті Айқан Ақанұлы биз жол жүру билетине әр айдың 25не дейін өтініш беретін едик. Бұл айда 22не ведомость өткізіп қойдық деп өтініш қабылдамай отыр. Бұл жөнінде алдын ала ескерту болмады. Есіктің сыртына iлгенбiз деген жауап айтады. Біздің сабақ клиникалық базаларда болғандықтан университеттеги есикке iлiнген хабарландыруды оқи алмаймыз. Әлі көптеген студенттер өтініш беріп үлгермеді, осы мәселені карастыруынызды өтінеміз.

Ответ:

Құрметті, Асылбек!

Университетімізде студенттердің жол жүру билетімен ЖШС «АлматыГорТранс» тарапынан өкілдері айналысқан кездерінде көптеген қиындықтар туындаған болатын. Студенттерден шағымдар айтылатын.

Әсіресе, студенттерге далада киоскіде билеттердің сатылуы бойынша қысқы уақытта ауа-райы қолайсыздықтары, күніне 3-4 сағат жұмыс істеуі, билет құнын қымбат бағамен сату, айыппұлға тиісті сомасынан көп ақша алу, қызметкерлердің студенттерге дөрекілік танытулары, билет сатылатын орын университеттен алыс болуы және студенттердің өтініштеріне орай бұл жұмысты университет әкімшілігі реттеп, ұйымдастырған болатын.

Осыған байланысты, алдыңғы жылдан бастап университетімізде студенттердің жол жүру билеттері бойынша Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті айналысып келеді. Осы уақытқа дейін студенттер тарапынан ешқандай шағым түскен емес, керісінше студенттер қазіргі таңда билет алып, тапсырыс беруде қолайлы әрі ыңғайлы екенін, жұмыс барысы ашық өткізілетіндігін жеткізеді.

Сіздің сұрағыңызға келсек, осы жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласының жол жүру билеттері бойынша жауапты «АлматыГорТранс» жыл бойынша есеп жүргізілетіндіктен, ағымдағы жылға қорытынды жасалатындығына және студенттердің қысқы демалысқа шығуларына байланысты, қала бойынша желтоқсан айына билеттерге тапсырыс беру тиісті уақытынан ерте қабылдау жүретінін айтқан болатын. Желтоқсан айына барлық ұйымдарда жыл бойынша қорытындылау, есебін шығару ұйымдастырылатынын білеміз.

Қараша айында айлық жол жүру билеттерін алуға келген студенттерге, старостоларға алдын ала айтылып, университетмізде хабарландырулар берілді. Бакалавр студенттеріне де ескертілген.

Алайда, жоғары курс студенттерінің клиникаларда болуына және кешігіп қалған студенттер болған соң, студенттердің ұсыныстарын ескеріп «АлматыГорТрансқа» университет тарапынан өтініш беріліп, 25-не дейін ұзартылды.

Осыған орай, 22 желтоқсан күні сағат 12.00-де тиісті барлық деканаттарға, әсіресе интернатураның декан орынбасарларына жол жүру билеттеріне тапсырыс қабылдау мерзімін ұзартылғаны жөнінде хабарланды.

Қазіргі таңда студенттер жол жүру билеттеріне тапсырыстарын беруде, тиісті тәртіп бойынша сағат 09.00 – 19.00 аралығы қабылдау жүріп жатыр.

Егер желтоқсан айының 31-не дейін тапсырыс бермек болсаңыз ЖШС «АлматыГорТрансқа» хабарласыңыз: тел.: 244-38-79, 244-38-81.

Жалпы университетімізде жол жүру билеттері бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз болса, №7 аудиториялық корпус №109 кабинетте орналасқан Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің директоры Л.С. Шыңғысбаевқа жолығыңыз. (тел.: 338-70-73, ішкі тел.: 7158,7799).

2015 жылдың келер айларына (ақпан, наурыз,сәуір, т.б.) қалыпты тәртіп бойынша қабылдау жүргізіледі. Әр айдың 25-не дейін негізгі тізім, айдың соңы 30,31-і қосымша тізімдер қабылданады.


_ _ _

Loading