Асылбек Сенгербеков

19 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Асылбек Сенгербеков <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Құрметті Айқан Ақанұлы мырза мен жалпы медицина факультетінің 3 курс студентімін. Колледж бітіріп оқып жатқан студенттерді “мейірбике ісі және клиникаға кіріспе” пәні мен тәжірибесіне қатысу немесе дипломның негізінде босату мәселесін қарауыңызды өтінемін.

 

Құрметті  Асылбек!

Колледж бітіріп оқуға қабылданған студентер “Клиникаға кіріспе” пәнін міндетті түрде оқулары керек , себебі бұл пән 2006 жылғы жалпыға міндетті білім стандарты бойынша енгізілген. Ал, дипломның негізінде оқу өндірістік тәжірбиеден босатуға болады. Ол тек «Емдеу ісі» және «Мейірбике ісі» мамандықтарын аяқталған студенттерге қатысты, ал «Фармация» және «Тіс технигі» мамандықтарының иегерлері оқу-өндірістік тәжірбиені толық өтеді.

Оқу-өндірістік тәжірбиеден босатуға ниет білдірген студенттер деканатқа өтініш жазып, дипломның және қосымшаның көшірмесін қосу керек. Бірақ, оқу өндірістік тәжірбиенің дифференциялды сынағы міндетті түрде бұйырықпен клиникалық базаларда тапсырылады.


_ _ _

Loading