Келісім шар негізінде оқитын студенттер

08 Jan 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: келісім шар негізінде оқитын студенттер <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Қарметті Айкан Аканович біз 2015 жылы 5 курсты айақтаймыз біздің гранка өтуімізге осы уақытқа дейін мүмкіндік болған жоқ қысқы сесиадада отуімізге мүмкүндік жок енді біз интернатурага қалай түсеміз біздің интернатураға төлейтін шамамыз жок енді біз не істейміз дәрігер болу арманымыз және 5 жыл оқығанымыз далада қалатын болғанба тіпт бізді военикафедраға да тусуге мүмкіндік берілмеді өйткенні бізді келісім шарт негізінде оқиды деп шеттетілдік енді сізден өтініш интернатурағ грантқа түсуімізге мүмкіндік берсеңіз деп сұраймыз келісім шарт негізінде оқитындардың бар арманы осы

Ответ:

Құрметті келісім-шарт негізінде оқитын студенттер!

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жылдық (бакалавр) оқуды тәмамдаған білім алушы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кәсіби даярлық факультетіне (интернатура), немесе басқа медициналық жоғарғы оқу орындары интернатурасының қабылдау ережелеріне сәйкес құжаттарын тапсырып, екі жылдық интернатураны оқиды. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Жалпы медицина» мамандығын оқу 5+2 болғандықтан 1 курстан бастап Мемлекеттік грант негізінде оқитын студенттер грант бөліміне, ақылы бөлімдегі білім алушылар келісім-шарт бөліміне қабылданады. Интернатурада білім алып жүрген кезде грант бөлімінде бос орындар болса, келісім-шарт бөлімінде оқитын, оқу үлгерімі жақсы интерндер өтініші бойынша сол бос орындарға ауыстырылады. Ақылы бөлімде оқитын білім алушыларға басқа жеңілдіктер қарастырылмаған.

Мемлекеттік грант негізінде оқитын студенттердің барлығы әскери кафедрада оқып жатқан жоқ. Оларды да оқу үлгеріміне және басқа өлшемдерге сай таңдап алады.


_ _ _

Loading