Актанбек Жанатбеков

28 Apr 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Cәлеметсізбе, Айқан Ақанұлы. Мен сіздердің түлектеріңізбін. Мынандай сұрақтарыма жауап алғым келеді. Біріншісі №2-ші жатаханада тұрған студенттерден туберкулез ауыруын жуқтырғандар табылыпты деген рас па?
Екіншісі- Неге уш адамға арналған бөлмеге бес адамнан жатқызған. Студенттер көп те орын жоқ, деп айтатынызды біліп отырмын.
Егер орын жетіспейді десеңіз бұрынғы фарм.фак. студенттері тұрған жатахананы неге жеке-меншікке сатып жіберген? Кім саткызған?
Үшінші сұрағым бұрын біздер оқығанда, студенттерге арналған санаторий-профилакторий жұмыс істеуші еді, студенттердің денсаулығын түзетуге көп көмегі бартұғын. Қазір соның орнына профессорлық клиника орталығы орналасыпты. Оның студенттерге қажеттілігі қаншалықты екен? Мүмкін болса қайтадан санаторий профилакторий ашуға болар ма екен? Рахмет. Өмір жасыңыз ұзақ болсын!!!

Ответ:

Құрметті Актанбек Жанатбеков!

Cіздің бірінші сұрағыңызға жауап: Иә, № 2 жатаханада 1 курс оқитын екі студент туберкулезбен ауырғаны рас. Бұл оқиға бірінші рет № 2 жатаханада орын алып тұр, яғни қазіргі таңда туберкулезбен ауырған студенттер № 2 жатақханада тұрмайды. Университетімізде туберкулезден емделіп, дәрігерлік бақылау комиссиясынан рұқсатталған құжатпен келген студенттерді № 3 жатаханаға бөлек бөлмеге (изоляторға) орналастырамыз.

Cіздің екінші сұрағынызға жауап: № 2 жатаханада 4 және 5 орынға арналған бөлмелер бар. Ал, «Фармацевтика» факультетінін жатақаханасы 90-шы жылдары жекеменшікке кеткені рас, кейін қанша тырыссақта қайтарып алалмадық.

Cіздің үшінші сұрағынызға жауап: студенттерімізді жыл бойы университетіміздің Ішкі ағзалар аурулары клиникасында бақылаймыз. Студенттерге арналған ақысыз түрлі емдік көмектер жасаймыз және университет қаржысынан әлеуметтік көмек ретінде жыл бойы тегін тамақтануға және жатаханада қаражат бөлінеді шамамен 104258316 тенге жұмсалады .

Сіз толық ақпарат алғыныз келсе оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қ.А. Төлебаевқа жолығып немесе сымтетік бойынша қонырау соғыныз.


_ _ _

Loading