Әйгерім Рахым

15 Feb 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Әйгерім Рахым <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Айкан Ақанұлы!Мен Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің 1 курс студентімін.Мен грант иегерімін. Бірақ менің арманым сіздердің университеттеріңізде оқу еді.Кешенді тестілеу тапсырып, 87 балл алдым.Сіздерге түсу үшін балым жетпеді.Әлі де сіздерде оқығым келеді. 1 курс біткенде сіздерге ауыссам деген ойым бар. Бұл мүмкін бе? Мүмкін болса дакументті кай уақытқа дейін тапсыру керек? Жаубыңызды күтем!        РАХМЕТ!!!

Құрметті Әйгерім Рахым!

Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 шілде 2012 жылғы № 463 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақ Ұлттық медицина университетінің 1 курсына барлық мамандықтар бойынша 1000 студенттен артық қабылданбайды, сондықтан да студенттердің басқа жоғары оқу орындарынан ауысуы тек бос орындар болса ғана және Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.  


_ _ _

Loading