От сотрудника

25 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

От: Гаипжамал Кабдолдановна Адибаева <[email protected]>
Тема вопроса: От сотрудника
Вопрос:
Құрметті Ақан Айқанович! Мен университетте 2004 жылдан бері жұмыс істеп жүрмін, Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы және дәрілік қалыптар технологиясы каферасында. Ғылыми жетекшім К.А.Абдуллиннің қайтыс болуына байланысты істеген жұмысымды қорғап үлгірмей қалып едім. Бүгін докторантураға конкурсқа қатысуға құжаттарымды Флюра Ганиевна қабылдамай қойды, МОН-нан разнарядка түскен жоқ және Сіз магистратура бітірген жоқсыз деп, ауызша. “Технология фармацевтического производства”- 6Д074800 мамандығына 4 орын бөлінген , 1 адам құжаттапсырған-деканның орынбасары Аюпова Ризвангуль Бағдаулетовна.
Мен 1982 жылы бітіргемін,14 жыл Орталық аудандық дәріхананың меңгерушісі, провизор-аналитик, МРК “Дәрілік заттарды сараптау Ұлттық Орталығында” 8 жыл бас маман болып жұмыс істедім (отдел экспертных работ при Государственной регистрации лек-х средств)конкурсқа қатысуға менің құқығым жоқ па? Басқа ұлт өкілдері мен Шымкенттіктер ғана оқуы керек пе?
Құжат тапсыруға көмек жасауыңызды өтінемін,рақмет.

Ответ:

Құрметті Ғайыпжамал!

2011-2012 оқу жылында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне 6D074800 – фармацевтикалық өндіріс технолгиясы мамандығы бойынща докторантураға (PhD) 4 орын бөлінген. Қабылдау жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінен 20.07.2011. күні электронды пошта арқылы қабылданды. 2011-2012 оқу жылына 6D110400 – фармация  мамандығы бойынша докторантураға (PhD) орын бөлінбеген.

074800 – фармацевтикалық денсаулық сақтау технологиясы мамандығы бойынша докторантураға қабылдау ҚР МЖМББС (ГОСО) – 7.10.145-2010 5 тармағына сәйкес талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талап:

5.1. 6D074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуға тілек білдірушілерің ең төменгі дәрежесі химиялық және фармациялық мамандық бойынша магистратура болуы шарт.

Осыған сәйкес, өкінішке орай сіз докторантураға тапсыра алмайсыз.


_ _ _

Loading