Меруерт Муханова

28 May 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Меруерт Муханова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Құрметті Айқан Ақанұлы!менін сізден сурайын дегенімін неге 2011 жылғы оқуға тускен студенттердің ақысы жоғары 770700 тенге. Не себепті ондай жоғары? және 2012де оқудын ақшасы не ушін көтерілмеді? неге жеңілдік жасамайсындар??? Және тағыда сурағымын бар еді.. Біздін Асфендияров атындағы клиникамыз бар содан не ушін ақылы турде мед.осмотр өтеміз?өзіміздікі болған сон жеңілдік болу керек емес пе? рахмет          

 

Құрметті Меруерт, сіздің 2013 жылғы 19 наурызда жіберген сауалыңызға орай келесі мәліметтерді ұсынамыз:

2011-2012 оқу жылына бекітілген оқу ақысы – 770 700 теңге, ал 2012-2013 оқу жылының оқу ақысы 780 600 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орнының бір ақылы негізде білім алушыға жұмсайтын шығыны білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерінен аз болмауы тиіс.

Оқу құнының ішіне университеттің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, әдебиеттер, медициналық және медициналық емес құрал-жабдықтарды сатып алуға, оқытушыларға және басқа да қызметкерлерге еңбекақы төлеуге, ғимараттардың коммуналдық қызметтеріне, орын-жайларды жалға алуға, шет елдерден мамандар шақыртуға, университет ғимараттарына ағымдық және күрделі жөндеулер жүргізуге кететін негізгі шығындар кіреді. Әлеуметтік комиссияның шешіміне сәйкес ақылы негізде білім алатын жетім студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдік жасалады.

Сонымен бірге, Біріктірілген университет клиникасының пациенттерінің негізгі контингенті университет студенттері мен қызметкерлері болғандықтан, және де университетті күтіп-ұстау университеттің өз қаражаты есебінен жүргізілетіндіктен медициналық тексеруді тегін жүргізуге мүмкіндік жоқ.     

 

 

 

Поисковые слова:

  • https://kaznmu edu kz/blog/меруерт-муханова/

_ _ _

Loading