Гулнур Жолдасова

13 May 2016  |  Опубликовано в Благодарность

Мен,Жолдасова Гулнур , Жалпы медицна факультетінің 2 курс студентімін.КазНМУ клиникасында диспансерлі тіркеуде тұрамын. Маған 2 рет ота жасалған болатын Отадан кейін дәрігерлер ем қабылдау керектігін айтқан. Бірақ ем шет мемлекетте өту керек болғандықтан менің қаржылық жағдайым мүмкіндік бермеді.Сол себепті университетімізден қаржылай көмек көрсетуі жайлы өтініш жазған болатынмын.Өтінішімді қараусыз қалдырмай көмек көрсеткен университет ұжымына рахмет айтқым келеді. Ерекше атап өтсем,КазНМУ клиникасының директоры Губайдуллина Жанар Аюпхановна, ПМСП жетекшісі Бахтиярова Мереке Ажибековна , Светлана Хасеновна және дәрігер Лейла Кусмановнаға алғысым шексіз.Сіздердің студенттер үшін жасаған еңбектеріңіз үлкен құрметке ие. Университет түлектері болашақта еліміздің білікті дәрігерлер қатарын толықтырсын дегім келеді. Құрметті,Хамзина Нургуль Калиевна сізге денсаулық және жұмысыңызда табыстарға жетуінізді тілеймін!


_ _ _

Loading