Асхат Беков

11 Feb 2016  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсіз бе! Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығынан нейрохирургия, сонымен қатар балалар нейрохирургиясы мамандығы бойынша резидентурадан ( 1 оқу жылы) С.Ж.Асфендияров атындағы ҚҰМУ-не нейрохирургия, сонымен қатар балалар нейрохирургиясы мамандығына резидентураға ауыса аламынба, ауысқан жағдайда білім гранты сақталады ма? Алдын ала рахмет!

Ответ:

Құрметті Асхат Беков!

Резидентура туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес- «Тағылымданушы резиденттер бір ұйымнан екінші ұйымға ұйымдар басшыларының келісімімен, резидентті жіберген тараптың өтінімі немесе келісімі бойынша бос орын болған жағдайда ауыстырылуы мүмкін». 2015-2016 оқу жылында «нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы» мамандығы бойынша ҚазҰМУ мемлекеттік тапсырыс болған жоқ.


_ _ _

Loading