Декабрь 2020 - Страница 2 из 2 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за December, 2020

Каусар Пернебек

02 Dec 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсыз ба ,мен 10-шы сынып оқушысымын. Қазір біз ҰБТ-ға дайындалып жүрміз. Менің таңдаған мамандығым педиатрия мамандығы. Мен осы Санжар Асфендияров университетіне түскім келеді. Менің сізге қояр сұрағым осы унивеситетке түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек және де педиатрия мамандығын неше жыл оқимыз.

Ответ:

Саламатсыз ба!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «31» қазандағы № 600 бұйрығының 1-қосымшасы «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл,  «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

2020-2021 оқу жылында  «Педиатрия» мамандығы бойынша конкурс нәтижесі бойынша ең аз балл 100 балл болды.

Педиатрия мамандығының оқу мерзімі 6 жыл, яғни 5 жыл бакалавриат және 1 жыл интернатура.

Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау бөлімімен хабарласуларыңызға болады. Қабылдау бөлімінің телефондары: 8(727)338-70-27. ішкі тел.: 70-71,73-50, электрондық пошта: «[email protected]»