Thursday September 24th, 2020 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за September 24th, 2020

Багила Асилбековна

24 Sep 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсізбе құрметті Талғат Сейітжанұлы! Карантиндік шараларға байланысты студенттер қазір қашықтықтан оқып жатыр. Менің ұлым «Стоматология» факультетінің 2 курс студенті. Қазіргі таңда біздің тұрғылықты жерімізде интернет жүйесі өте нашар жұмыс жасайды. Кабельдік интернет жүргізілмеген. Ұлым тапсырмаларды смартфоннан орындауға мәжбүр. Әйткенмен де кейбір тапсырмаларды орындап, қайта жүктегенде біршама қиындықтар туындап, кейбір файлдар смартфонның сапасыз қызметіне байланысты дұрыс жүктелмейді. Мұғалімдер тапсырма орындалмады деп қабылдамай жатыр. Мүмкін болса басқа платформалар қарастырылса, немесе орындаған тапсырманы мұғалімнің жеке электрондық поштасына жіберуге мүмкіндік қарастырылса. Жастар мемлекетіміздің болашағы, сондықтан сапалы білім алып, тапсырмаларды түгел қамтуына мүмкіндік жасауыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Ата-ана!

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті студенттердің қашықтықтан сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Студенттер орындаған жұмыстарын ZOOM, Hangouts, LMS Moodle, Cisco Webex, Microsoft Teams платформалары арқылы жібере алады.

2020-2021 оқу жылының басында қашықтықтан оқуға қиындықтары бар студенттерге, тұрғылықты жерлерінде интернет желісі нашар жұмыс жасайтын студенттер үшін, университет жатақханасынан орын алуға болатындығы туралы барлық курс студенттеріне деканат қызметкерлері тарапынан ескертілген. Жатақханада тұрудың ай сайынғы төлемақысы — 13 000 теңге. Сіздің ұлыңыз жатақхана өтініш беріп,  туындаған мәселелер бойынша Стоматология Мектебінің декан орынбасары Скакова Улпан Төлеухановнаға — 87024018978, 2 курс  үшін жауапты бас маман Даукенова Арайлым Ермуратовна – 87018288454 ұялы телефон номеріне хабарласуын сұраймыз!