Thursday December 14th, 2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за December 14th, 2017

Батыржан Хатамов

14 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Сәлеметсізбе. Құрметті Талғат Сейітжанович. Меніңаты жөнім Батыржан Бахадирович. Мен Астана Медицина Университетінен 2014-жылы май айында отчисления болғанмын. Сіздің Университетіңізге мені оқуға қабылдауыңызды сұранамын.

Жауап:

Қымбатты Батыржан Бахадирович! С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  білім алушыларының ауыстыру және қайта қабылдау бойынша № 840 30.12.2016ж. Ережесіне сәйкес:

9-тармақ: студенттердің ауыстыру және қайта қабылдану туралы өтініштері Ректормен жазғы және қысқы демалыс күндерінде келесі академиялық кезең басталғанға дейін, бес күн ішінде қарастырылады.

27-тармақ:  ҚазҰМУ-да оқу гранты немесе мемлекеттік тапсырыс бойынша . білім алушылар  басқа мекемеге ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2015 ж. № 19 бұйрығымен регламенттелген тәртіппен ақылы негізде ғана ауыстырылды.

18 тармақ: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- не басқа оқу орындарынан ауысатындар немесе қайта қабылданатындар тек алдыңғы академиялық кезеңді толық аяқтағанда ғана ауыса немес қайта қабылдана алады.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қайта қабылданатын студенттің ҰБТ немесе КТ сертификатындағы баллы жоғары болуы тиіс. Мысалы: барлық мамандықтарға республика бойынша белгіленген баллдан 10 баллға, ал Жалпы медицина мамандығына 20 баллға жоғары болуы керек.