Friday August 18th, 2017 - Страница 2 из 2 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за August 18th, 2017

 Есламханова Улболсын Мейрамовна

18 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Сәлеметсіз бе?! Мен, Қостанай қаласының тұрғыны Есламханова  Улболсын Мейрамовнамын. Қазір сізге көмек сұрай жазып отырмын. Биыл  ҰБТ тапсырып, 119 балл жинадым, бірақ 10.08.2017 және 14.08.2017 грант иегерлерінің тізіміне іліге алмадым.  Енді не  істерімді білмей, шарасыз күйде отырмын. Көпбалалы отбасыдан шыққанымдықтан, ата –анам ақылай түрде ЖОО –дағы оқуымды төлей алмайды.  Ал өзім жайлы айтсақ, менің бұрыннан бері армандаған мамандығым дәрігер еді, сондықтан жалпы медицина саласына түсу үшін ҰБТ-де биология мен химияны тандау пәні ретінде белгіледім.  Арманыма қол жеткізу үшін мектепте белсенді болуға тырыстым. Әр түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатыстым: физикадан қалалық олимпиада III орын (8-сынып),  қалалық және облыстық шығармашылық сайыстарда II және III орын (9 және 10 сынып), Халықаралық « Потомки победителей» атты форумында I орын, тағы сондай сияқты. Сонымен қатар Түркістанда өткен «Ақберен»  байқауының сертификат иегерімін.     Білім мен ғылым министрі  Ерлан Сагадиевтің айтуынша ректорский грант болады екен. Сол грантқа сіздің көмегіңізбен іліксем бе деп едім. Ол үшін не істеуіме болады?

Ответ:

Сәлеметсізбе,  Улболсын! Биылғы оқу жылына ҚазҰМУ-да Ректорлық грант жоқ.  Жергілікті акиматтарда көп-балалы отбасына грант қарастырылуы мүмкін.