Июль 2017 - Страница 3 из 3 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2017

Гулзада Наурызбаева

12 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Құрметті Ректор мырза. Мен Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің 5 курс ЖМ факультетінің студентімін. Маңғыстау облысының әкімі гранты бойынша білім алып жатырмын. Интернатура бойынша білімімді ҚАЗНМУ-де жалғастырсам деп едім. ҰБТ бойынша 71 балл, орташа GPA-3.2; 5-курс бойынша GPA-3.48; 2012ж жогарыда көрсетілген ҰБТ баллымен 1 курсқа түсуге болатын еді, қазіргі таңда сайтта басқа университтетен ауысу үшін ҰБТ-де жинаған балл 80-нен кем болмауы керектігі көрсетілген. Осы көрсетілген нәтижемен конкурска қатысуға мүмкіндік болады ма?

Ответ:

Құрметті Гулзада Наурызбаева!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не басқа университеттен ауысу үшін ҰБТ-де жинаған балл 80-нен кем болмауы керек






Назерке Садибекова

05 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Здравствуйте, в мае этого года закончила бакалавр специальности «медико-профилактическое дело», кем я теперь могу работать, и поступать ли мне в резидентуру или машистратуру чтобы стать врачом эпидемиологом?! Помогите! нкм совсем плохо объясняли про нашу работу

Ответ:

                                                     Здравствуйте Назерке Садибекова!

          По завершении обучения в бакалавриате выпускник по специальности 5В110400-«Медико-профилактическое дело» допускается к самостоятельной практической деятельности в качестве специалиста по эпидемиологии, коммунальной гигиене, гигиене детей и подростков, гигиене труда, гигиене питания, по радиационной гигиене, вирусологии, бактериологии, паразитологии.

После окончания ВУЗа Вам присуждается степень бакалавр медико-профилактического дела по специальности 5В110400-«Медико-профилактическое дело» с присвоением квалификации специалист по гигиене и эпидемиологии.

Выпускник по специальности 5В110400-«Медико-профилактическое дело» имеет право продолжить дальнейшее обучение на магистратуре.

Декан факультета общественного здравоохранения,

медико-профилактического, сестринского дела и

менеджмента имени Х.Досмухамедова                                            К.Давлетов






Ажар Аяхановна

03 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсізбе ректор мырза,
менің қоятын сұрағым бүкіл қазақстандықтардың атынан деп оқысаңыз болад ,менің алдыңгы сұрағыма былай жауап жазғансыз «Студент биохимия пәні бойынша ақылы семестрге қалған жағдайда 108 сағаттың ақысын төлейді. ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы М.А.Камалиевтің 2017 жылғы 22 мамырдағы №262 бұйрығы бойынша бір академиялық сағаттың ақысы 856 тенге» Сонда, ол сабақ бір оқушы ушін оқылмайды гой,10-15 бала құлаған , әр кайсысы екі апталық оқуға 92448 теңгеден төлесе сонда мұгалімнің дәрісі 1000000 теңге тұра ма,не деген сұмдық ,қазақ елінің жастарының білім алуға деген құштарлығын басып отырған жоқсыздар ма, бұл тариф қандай есеппен белгіленген, осы төлем туралы тарифтеріңізді қайта қарастыруыңызды сұраймын, тағы да айта кететін мәселе шет елдік индустар көтеріліске шыкканнан кейін оларға неліктен мүмкіндік берілді, қазақ азаматтарына мүмкіндік неге берілмеді, болмаса оларда телевидение әкеліп шулатуы керек пе еді,

Ответ:

Құрметті Ажар Аюхановна!

Ақылы түрде қосымша білім беру қызметтерінің 1 академиялық сағатының құнына тек оқытушыға ғана емес, төленетін қаржы жазғы мерзімде, оқытушылардың еңбек демалысы кезінде атқаратын қызметіне, оқу-көмекші және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеуге, сонымен университеттің материалдық-техникалық базасын толықтыруға жұмсалады.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ,

  • Көтеріліске қатысқан студенттердің барлығына Оқу үдерісінің ішкі ережесін өрескел бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. 9 студент Университеттен шығарылды. Қайта қайталанған көтерілістің қандай да мүшесін осындай тағдыр күтеді.
  • Апелляциялық комиссия наразы болған, өтініш берген студенттердің жұмыстарын тексеріп, қосымша балл негіздеме болмағандықтан қосылмады.
  • Жазғы семестрге жеңілдік берілмейді. Қазақстан студентіне болмасын немесе басқа елден болмасын, бұл ереже барлық студенттерге арналған.

 

Жалпы медицина факультетінің деканы                           Г.А.Шопаева

Халықаралық медицина факультетінің жауабы:

1)      Көтеріліске қатысқан студенттердің барлығына Оқу үдерісінің ішкі ережесін өрескел бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. 9 студент Университеттен шығарылды. Қайта қайталанған көтерілістің қандай да мүшесін осындай тағдыр күтеді.

2)      Апелляциялық комиссия наразы болған, өтініш берген студенттердің жұмыстарын тексеріп, қосымша бал негіздеме болмағандықтан қосылмады.

3)      Жазғы семестрге жеңілдік берілмейді. Қазақстан студентіне болмасын немесе басқа елден болмасын, бұл ереже барлық студенттерге арналған.