Friday June 9th, 2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June 9th, 2017

Аноним Аноним

09 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Құрметті ректор мырза неге осы студенттерді таң атпай студенттер сарайына  деп тангы 6 дан бастан жалпы медицина факультет декан орынбасарлары жатаханага келип есіктерді ұрып ұрсып ұйқыларынан ояттуға кандай акысы бар. Бұл не деген бассыздық.Студенттер өздері біледі ғой демалыс күні не істеуін шара көруіңізді сұраймын.Алматы қаласы жастар саясаты бөліміне xабарласып айтамын бұл жағдайды егер шара қолданбасаңыз.Атап айтқанда Гулжан Нуркапызовна Сауле Накажина Қырмызы Айнур Имашова солар өз қызметтерін  асыра пайдаланып 4.06.2017ж студентердің ар намысына тиіп барлығын жатаxxанадан алып кетті.Шара қолдануыңызды сұраймын

Ответ:

Құрметті студент!

2017 жылдың 4 маусым күні  Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл» толды. Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының  ұйымдастыруымен  У.А. Жолдасбеков атындағы студенттік сарайында әкім Б. Байбектің қатысуымен қалалық деңгейде салтанатты іс-шара өткізілді. Өткізілген іс-шараға Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының шақыртуымен университеттен 700 студент арнайы қалалық көлікпен жеткізілді.

Деканаттың қызметкерлері тарапынан студенттің ар-намысына тиетін  іс-әрекеттер болмады. Студенттерді жатақханадан 08:30 бастап оятып, аталған іс-шараға бірге барды. Деканат қызметкерлері мен студенттік кеңестің мүшелері тарапынан  жатақхананың тұрғындарына  өткізілетін іс-шара туралы   02 маусым күні ескертілді.

Ескере келсек, Қазақстан Республикасының әрбір жалындаған жастары, патриоттық сезімін көрсету мақсатында Республикалық, қалалық және университеттік деңгейдегі қоғамдық іс шараларға қатысуға тиіс.

Студенттің ар намыс кодексін алатын болсақ – әр студент Қазақстан Республикасының патриоты, Әнұранды және Туды, Елтаңбаны құрметпен тұтады.