Wednesday December 19th, 2012 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за December 19th, 2012

Барселона жоғары менеджмент мектебінде білім алушы магистранттар мен студенттер

19 Dec 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Құрметті  Ақанов Айқан Ақанұлы!

Біз білім алып отырған, Қазақстан Республикасы медициналық білім беру ұйымдарының үздігі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін басқарып отырғаныңызды біз мақтан тұтамыз. Соның айғағы Ғылым мен денсаулық сақтау саласындағы үздік табысыңыз үшін «Парасат» орденін алуыңыз. Бұл егемен мемлекетіміздің алдында адал қызметіңіз бен еңбегіңіздің арқасында қол жеткізген табыстарыңыздың бірі деп білеміз. Университетіміздің беделі, материалдық базасы Орта Азия мемлекеттері арасында алдыңғы қатарлы озық технологиялармен жабдықталғандығына күман келтіре алмаймыз, дегенмен осы қалпын сақтап ары қарай жетілдіру қажырлы еңбекті қажет етеді. Сондықтан деніңізге саулық, басыңызға амандық тілейміз және университет ұжымын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып мына өлең шумақтарын жолдаймыз:

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

 

Ізгі ниетпен: Барселона жоғары менеджмент мектебінде білім алушы магистранттар мен студенттер.