Tuesday October 9th, 2012 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за October 9th, 2012

Танерке Оспан

09 Oct 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Поздравление
Ұстаздар күні құтты болсын!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын  адамның  алтындығы!
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Әсіресе, дүниедегі ең маңызды мамандық иелерін ақ халатты абзал жандарды тәрбиелейтін ұзтаздардың еңбегі зор.
Сонымен қатар, студенттік өмірімізде ерекше орын алатын, мамандыққа деген құштарлығымызды арттырған :
Аканов Айкан Аканұлын,
Датхаев Убайдулла Махамбетұлын,
Ысқақова Ұлпан Төреханқызын,
Сихымбаева Мариям Изтелеуқызын ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Бізге екі жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұзтаздарымызға:  Нұрғалиева Аманғыз, Бидасова Гүлмира, Жумаева Гүлжан, Нұрахов Дәндібай, Шопабаева Алма, Адибаева Гайнижамал, Наурызалиева Жұмагүл, Елшібекова Қарлығаш,  Құсайынова Алия, Қожамжарова Асел, Рашида Ташмухамбетова, Бошкаева Асыл, Баймуханова Дамиля, Сламжанова Сауле, Тұрғынбаева Ақнұр, Нөкербек Шәмшібану, Байбулова Майра  және де өзге ұстаздар қауымына  алғысымыз шексіз!

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ізгі ниетпен: Фармация факультетінің қазақ тобы  3 курс студенттері!!!