Июль 2011 - Страница 6 из 10 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2011

От абитуриента

14 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Фариза Газизова

Саламатсыздарма!мен УБТ-дан 106балл жинадым,орыс тилинсиз 90,алтын белги умиткери едим,бирак белгили бир себептермен устай алмадым.сиздин ЖОО тусп биликти маман атану арманым,бирак осы жылы республика бойынша УБТ корсеткиши тым жогары болп тур,сондыктан тусе алмай калам-ау деген коркыныш сейiлер емес.ауылда туратындыктан сельский квота болатн шыгар,сосн республикалык Аль-ФАРАБИ атындагы КазНУ  уйымдастырган олимпиадасынын биология пани бойынша сертификат иегеримин,облтык киши  гылыми жумыстар жобасынын 2орын иегеримин,аудандык пан
дик олимпиадалардан унеми жулдели орындар катарынан коринемин.Сондыктан осынын барин ескерип мен сиздин ЖОО грантка тусе аламба,сизден маман ретинде накты ойынызды сураймын,боска умиттенбегеним абзал ма?коп-коп рахмет

Ответ:

Құрметті Фариза!

Алтын белгіні қорғай алмағаныңыз өкінішті. Дегенмен жақсылыққа, біліміңізге сенгеніңіз дұрыс. Біздің университетте де ауылдық квота бар. Ол конкурстық байқау негізінде анықталады. Ал республикалық олимпиададағы жетістіктеріңізге келсек, қандай сертификаттарыңыз болмасын, сіз басқалармен тең дәрежеде конкурсқа түсесіз. Алайда олимпиада жеңімпазы ретінде сізге біршама артықшылықтар беріледі. Осыған қатысты толық ақпаратты университет сайтының «Абитуриент» бөлімінен қарай аласыз. Сонымен қатар Қабылдау комиссиясына хабарлассаңыз болады: 2 92 67 01.

Поисковые слова:

  • убт 2012





От абитуриента

12 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

От: Назкен Реймбаева
Сұрақ:
Салеметсізбе Айкан Аканулы!
Менің тандауым бойынша 5-ші пән химия, және мен фармация факультетіне тапсырмакшымын.Естуім бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған, ұлты қазақ абитуиенттерге жеңілдіктер болады екен, сол жеңілдікке ие болуым ушін қандай құжаттар дайындауым қажет? Және фармация факультетінің жылдық төлемі қанша? Оралмандар үшін төлеміне байланысты жеңілдіктер болады ма? Алдын ала рахмет!

 

Жауап:

Құрметті Нәзкен!

ҚазҰМУ-да Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған, ұлты қазақ талапкерлерге жеңілдіктер бар. Ол үшін сіз оралманның жее куәлігінің көшірмесін немесе шетел азаматының паспортының көшірмесін тапсырасыз. Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған, ұлты қазақ талапкерлер үшін барлық гранттың 2 пайызы бөлінеді. Білім беру гранты барлық мамандықтар бойынша беріледі.






От абитуриента

12 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Фариза Газизова

Сұрақ:
Саламатсыздарма!менин сиздерге койгалы отырган сауалым жатахана маселеси болып тур.Буиртса сиздин ЖОО тускен жагдайда жатахана берилу ушин арыз жазам,сол арыз аркылы жатаханага орналасу узак кунге созылама,сол куни орналасу мумкин емеспе?Алдын ала рахмет.

Жауап:

Құрметті Фариза!

Егер сіз мемлекеттік грант бойынша түссеңіз, сізге міндетті түрде жатақхана беріледі.  Ол үшін сіз ең алдымен ректордың атына өтініш жазасыз. Өтінішке қол қойылғаннан кейін, декан орынбасарлары сізді тіркеп, жатақханадан орын береді. Содан кейін не істеу керектігін деканатта түсіндіріп береді. Жатақханаға орналасу уақыты факультеттегі жатақханаға орналасатын студенттер санына байланысты. Дегенмен бұның барлығына шамамен 2-3 күн ғана уақытыңыз кетеді.

 

Поисковые слова:

  • жатахана





От абитуриента

12 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Дана Дулат
Сұрақ:
Курметти Айкан мырза!!! Болашакта фармация факултетине туским келеди. Жогары балл жинадым. Озим уздик аттестат иегеримин жане Edtex косымша билим беру орталыгында окыдым.
Калалык, облыстык олимпиадаларга химия пани бойынша 2,3,4 орындар иегеримин. Осыган орай грант маселеси мени аздап коркытады. Осы жылы 200 грант болинген. Арине ол бул факултеттин оркендеуине, кен ористеуине оте аздык етеди. Сизден сурайын дегеним, озинизден болинетин грант маселси калай? Сизге коп рахмет!

Жауап:

Құрметті Дана!

Егер сіз жоғары балл жинасаңыз әрі химия пәнінен жоғары көрсеткіштерге ие болсаңыз, ҚазҰМУ-дың фармацевтика факультетіне бөлінген 200 грантқа да түсуге мүмкіндігіңіз бар. Ал ректор гранты мәселесіне келсек, өкінішке орай, биылғы жылы біздің университетте ректор гранты бөлінген жоқ. Толығырақ ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан біле аласыздар: 292 67 01.

Поисковые слова:

  • билим гранттары 2014
  • 2015 грант саны





От абитуриента

12 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

От: Динара Абдразак

Сұрақ:
Салеметсіз бе Айқан Ақанұлы!
Мен 2011 жылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеуден 111 балл ал орыс тілінсіз 94 балл жинадым. Маған жалпы медицина факультетіне үміт бар ма? Менін жинаған балл көрсеткішім жете ме?

Жауап:

Құрметті Динара!

Сіздің жинаған балл жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Өкінішке орай, әр жылдың қабылдау балдары әртүрлі болып келеді. Қабылдау баллы биылғы жылы тапсырған талапкерлердің балдарына байланысты. Сол себепті сіздің баллыңызбен жалпы медицина факультетіне түсе алу мүмкіндігі туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз. Толығырақ ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан біле аласыздар: 292 67 01.