Thursday June 9th, 2011 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June 9th, 2011

Учебный процесс

09 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Макпал:

«Медико-профилактикалық» факультетінен 4-курстан оқудан шығарылдым. Енді сізге қояр сұрағым: сол мамандығым бойынша емес қазір өзім өте қызығып журген «Фармация» факультетінде оқуымды жалғастыруға (ауысуға) немесе бізге 3-ші курста берілген дипломмен тапсыруыма мүмкіншілік бар ма (сырттай оқу бөлімі немесе қашықтық болса тіпті жақсы болар еді)? Және оқу ақысы сол мамандық бойынша қанша?

 

ЖАУАП:

 

Құрметті Мақпал!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанындағы «Білім беру типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және оқуын қайта жалғастыру тәртібін бекіту туралы» № 638 бұйрығына сәйкес білім алушының бір семестрді аяқтауы немесе оны қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтініші бойынша ғана қарастырылады.

Курсқа және мамандықтарға сәйкес, оқуын бітірмеген азаматтарға оқу жұмыс жоспарындағы оқыту пәндерінің тізімі бар анықтамада көрсетілген (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) бес пәннен артық айырмашылық болмаған жағдайда бұрын оқығандарды қайта қабылдаймыз.

Оқуын жалғастырғысы келетін адам үшін оқуға қайта қабылдану туралы өтінішке Анықтама бірге өткізіледі.

Анықтама тапсырылған күннен бастап екі аптаның ішінде қабылданатын курсы мен пәндер айырмашылығы анықталып, өтініш қарастырылады.

 






Учебный процесс

09 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Айнұр:

Асфендияров атындағы медицина университетінің емдеу ісінде немесе жалпы медицинада оқып жүріп, фармацевтика факультетіне ауысып кету мүмкін бе?

ЖАУАП:

Құрметті Айнұр!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанындағы «Білім беру типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау тәртібін бекіту туралы» № 638 бұйрығына сәйкес оқу орнындағы бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Егер білім алушы мекемемен (кәсіпорынмен) жеке келісім-шартқа отырған болса, оны екінші білім беру мекемесіне немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру үшін берілген келісім-шартты өзгерту керек немесе оның күшін жою керек.

Басқа мамандыққа ауысқан кезде студент грантын жоғалтады. Оқуын ақылы негізде ғана жалғастыра  алады.

Бакалавриаттағы оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті компонентті бес пәннен артық болмаса, басқа мамандықтың тура сол курсына ауыса алады. Егер оқу жоспарындағы айырмашылық бес пәннен артық болса, студент бір курсқа төмендетіледі.