Қалампыр Тәуенова

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Без рубрики

Вопрос:

Сәлемесізбе! Мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – нің 5курс студентімін. Интернатураны осы сіздің оқу орнынан өтуіме болама?Осы университетке өту үшін оқу үлгерімі және GPA балға қарай ма? Менің қазіргі 4 жылдық орташа GPA балым 2.90 болып тұр, түсуге мүмкіндігім барма? Ақылы түрде оқимын. Егерде интернатура мамандығын сіздерден тандағанда, мысалға мен хирургия жағын таңдағанда GPA балым жетпей, сүхбаттасу немесе тесттен жалпы тандаған интерн мамандығыма түсе алмаған жағдайда мен интернатура басқа мамандық пен жалғастыра аламын ба? немесе интернатура оқи алмай қалып кетемін бе? осы жағына нақтырақ жауап беруінізді сұраймын. Жауабынызға Алғыс білдірем!!!

Ответ:

Құрметті Қалампыр !

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатурасында «Жалпы медицина» мамандығының бойынша таңдаған бағытыңызда (терапия, акушерия және гинекология, хирургия, педиатрия, жалпы тәжірибе дәрігері) оқи аласыз. Интернатураға қабылдау GPA балы 3,0 (В). Сондықтан 2,90 балмен сізді С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатурасына қабылдамайды. Егер 5 курсты бітіріп, бакалавр дипломын алғанға дейін сіздің GPA балыңыз жоғарлап, жоғарыда аталған деңгейге жетіп жатса да, хирургия бағытына таңдауға сіздің GPA балыңыз жетпейді. Себебі бұл бағытта конкурсқа түсу үшін балыңыз жоғары болу керек. Бұл жағдайда сіз «Жалпы медицина» мамандығының бойынша басқа бағытты таңдай аласыз. Мысалы, жалпы тәжірибе дәрігері бағытын таңдауыңызға болады. Оқу ақылы түрде.

Интернатураға түсуге қажетті құжаттар тізімі, қабылдау мерзімі, қабылдау шарттары С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сайтында (kaznmu.kz) жарияланған. Өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдау ережесінде көрсетілген уақытта тапсыра аласыз.


_ _ _

Loading