Назымгүл Масимбаева

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Назымгүл Масимбаева <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіз бе? А. Ақанұлы
Мен Назымгүл Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылының орта мектебінің түлегімін, биылғы ҰБТ- дан 112 бал алдым қазақ тілі пәнін алып тастағанда 89 балым бар, таңдау пәнім биология пәні.Осы балмен жалпы медицина саласына оқуға түсе аламын ба? Жалпы медицина факултетін 3 жыл оқып одан кейін дәрігерлікті таңдауға болады деген рас па? Егер солай болса қандай дәрігерлік мамандығы жатады.Алдын-ала рахмет.

 

Саламатсыз ба, Назымгүл! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

Назымгүл! ҰБТ-дан алған 89 балыңызбен таңдау пәніңіз биология бойынша «Жалпы медицина» мамандығына 23 шілде және 31 шілде аралығында құжаттарыңызды Қабылдау комиссиясына келіп тапсыруыңызға болады. 5В130100-«Жалпы медицина» мамандығында оқу мерзімі (5+2 жыл),5 жылдық оқуды тәмамдаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр»  академиялық дәрежесіне иегер  дипломы беріледі.

6 және 7-курс студенттеріне білім беру мынадай  6 бағыт бойынша интернатура түрінде ұйымдастырылады:

  • жалпы дәрігерлік практика
  • гигиена және эпидемиология
  • ішкі аурулар
  • хирургия
  • педиатрия
  • акушерлік  және гинекология

 

Поисковые слова:

  • биология таңдау курсы

_ _ _

Loading