Назарбай Махатов

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Саламатсыздар ма! Мен Түркістан мемлекеттік медицина колледжін 2014 жылы ақылы түрде бітіріп, қазір мед брат болып ауруханада жұмыс жасаймын. Сіздердің университеттің хирургия бөліміне грантқа түсу үшін тест тапсыруым қажет пе? Және қандай пәндерден, қай кезде басталады? Рахмет!

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы оқу жылына грантқа түсу үшін сіз 17-23 шілде аралығында Кешенді тестке қатысуыңыз керек еді. Ол тестке қатысу үшін өтініштер осы айдың 20 жұлдызында аяқталды. Өкінішке орай, сіз кеш қалдыңыз. Енді сіз тек ақылы бөлімге келе аласыз. Ол үшін сіз тамыз айының 1-8 аралығында өтініш беріп, тамыз айының 19-24 аралығында қайта өтетін кешенді тестілеуге қатысуыңыз керек. Кешенді тестілеу 5 пәннен: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, биология және химия пәндері бойынша жүреді.
Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.


_ _ _

Loading