Малика Хайдарова

01 Mar 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Малика Хайдарова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе, құрметті Ақанов Айқан Ақанович.Мен 11 сынып оқушысымын, менің таңдау пәнім химия және болашақтағы мамандығым фармацевтика мамандығы.Сол себепті ҚазҰМУ-іне түскім келеді.Менің сізге қояр сұрағым мынадай: сіздердің университеттеріңізде 2013 жылғы олимпиада жеңімпаздарына оқуға түсуге жеңілдіктер бар ма? Мен химия пәнінен қатысқанмын олимпиадаға, одан бөлек басқа да әртүрлі ғылыми жобаларға,дарынға қатысқанмын. Менің естуімше, облыс, республика көлемінде пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орын алған оқушыларға мемлек
ет тарапынан грант бөлінген екен. Сол рас па?

 

Құрметті Малика!

Сіздің, біздің университетті және соның ішінде фармацевтика факультетін таңдағаныңызға өте қуаныштымыз. Фармацевтика факультетінде екі мамандық бар: фармация (5 жыл) және фармацевтика өндірісінің технологиясы (4 жыл). Екі мамандық бойынша да мамандық пәні химия болып табылады.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  бекітілген  жоғары білім алуға білім беру грантын беру ережесінің 6 тармағына сәйкес: білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми  жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), Президенттік, республикалық олимпиадаларының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқықтары бар.

Сондай-ақ сіз қатысқан жарыс пәні таңдаған мамандығыңыздың профильді пәніне сәйкес келген жағдайда ғана Сізге басым құқық беріледі.

Яғни,  Сіз қатысқан олимпиада тізімде бар болатын болса, сіздің басым құқығыңыз бар. Олимпиадалар мен  ғылыми жобалар (жарыстар) тізімін ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекітеді.

Биыл Жоғары оқу орнына оқуға қабылдаудың типтік ережелері мен білім беру грантын беру ережелері өзгеруі мүмкін. Өзгерістерді Білім және ғылым Министрлігінің сайтынан көре аласыз (http://www.edu.gov.kz)

 

 

 


_ _ _

Loading