Маликайдар Ибрагимов

02 Nov 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлемесізбе! Мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ — нің 5курс студентімін. Интернатураны осы сіздің оқу орнынан өтуіме болама? Осы университетке өту үшін оқу үлгерімі және GPA балға қарай ма? қараған жағдайда қанша болу қажет? Сіздің оқу орнында интернатураны өту блған жағдайда интернатура мамандығын сіздерден тандау жүргізіледі ме? алде осы қазіргі оқып жатқан оқу орнымнан тандап баруым қажет пе? Интернатура жылына қанша төлеуім қажет? осы сұрақтарға толық қанды жауап беруінізді сүраймын…

Ответ:

Құрметті Маликайдар!

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интернатурасында «Жалпы медицина» мамандығының бойынша таңдаған бағытыңызда (терапия, акушерия және гинекология, хирургия, педиатрия, жалпы тәжірибе дәрігері) оқи аласыз. Интернатураға қабылдау GPA балы 3,0 (В). Бұл бакалавриаттағы 5 жыл оқығандағы GPA балыңыз. Ол балыңыз дипломның қосымшасында (транскрипт) жазылады. Мамандық бойынша қалаған бағытыңызды құжат тапсыру кезінде таңдай аласыз. Мамандықтың бағыты бойынша конкурсқа түсесіз. Конкурста GPA балыңызға қарайды. Басқа жоғарғы оқу орынынан ауысып келген білім алушылар ақылы түрде оқиды. Оқу ақысы 2015-2016 оқу жылы 770 100 теңге болды.

Интернатураға түсуге қажетті құжаттар тізімі, қабылдау мерзімі, қабылдау шарттары С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сайтында (kaznmu.kz) жарияланған. Өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдау ережесінде көрсетілген уақытта тапсыра аласыз.


_ _ _

Loading