Кундыз Сактаганова

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсізбе менің ұлым биыл ҰБТ дан 85ұпай жінады.
сізге универге стомотология немесе қоғамдық медицина факультетине тусуге мүмкіндігі барма
ақылы болғанда қанша болады

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға және білім грантына конкурсқа қатысу үшін ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Сіздердің стоматология немесе жалпымедицина факультеттеріне түсу мүмкіндіктеріңіз конкурс барысында шешіледі.
Биылғы 2017-2018 оқу жылына оқу төлемақысы әлі бекітілмеді. Былтыр аталған мамандықтар бойынша оқу төлемақысы жылына 847000 теңге құраған болатын.


_ _ _

Loading