Казына Танжарбаева

04 Feb 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсизбе!! Мен Озбекстандыкпын! Мен КазНму га окуга тапсыражакпын. Мед колледжди грантпен битирдим. КазНму га тапсыру ушын каНдай пандерден дайындалуим керек. Баллы канша? Маган женилдиктер барма шет елден келиб окыганыма?)) жауап ушын рахмет !!!

Ответ:

Саламатсыз ба Казына! ҚазҰМУ-ға оқуға түсу үшін кешенді тестілеу тапсыруыңыз қажет. Кешенді тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және профильді пән-биологиядан. ҚазҰМУ ұлттық ЖОО болғандықтан, өткен жылғы ережелер бойынша, университетімізге құжат тапсыру үшін тестілеуден өткен талапкер кемінде 70 балл жинау тиіс болатын. Шетел азаматтары университетіміздің ақылы бөліміне қабылдана алады. Толық ақпаратты 8 (727) 338-70 – 20 телефоны арқылы біле аласыз.

 


_ _ _

Loading