Интерндер 2017ж.

08 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От студента

Сұрақ:
Ассалаумағалайкум, Нургожин Талгат Сейтжанович! Біріншіден, медициналық білім ордаларының алды болған қайнар көзіне айналған университетімізге ректор болып келуіңізбен барша интерндер атынан құттықтаймыз. Талай жетістіктеріңізді сізге қызығушылық танытып оқып көрдік өте ақпаратты тұстары да аз емес екеніне көз жеткізіп бастығымыз адал да қарапайымдылықты жаны сүйген сонымен қатар білікті маман екеніне тәнті болдық. Алла қалап біздер де сіз басқан қадамыңызбен жүріп Медицина ғылымдарының докторы болуымызды жазсын. Ендігі бұйымтайымызға кезек берсек, көкейкесті мәселелеріміздің бірі, бас басына бастық болған басшысы жоқ кезеңде орын алған олқылықтар жайлы болмақ. Басқарудыңда да жөні болады емес пе….? Шаш ал десе бас алғандай қиын заманда қаражаты жоқ 5 минутсыз дәрігер мамандарды академиялық адалдық деп желеу етіп , мынандай қиын заманда бір мүмкіндік бермей телефон қолдандың деп оқудан шығарғандар жайлы. Жайтты қысқаша баяндап өтсек: Кезекті емтихан кезіболатын, әсіресе соңғы емтихандар бізге ауыр болды не дегенмен университет тарапынан қаншама саны жоқ апта сайынғы Мемлекеттік емтиханға дайындық сынақтар, одан қалса негізгі сабақтың емтихандары «.. біздің жағыдайға енсеңіз .. » мыңдаған тест тапсырмалар мен ауызша емтихандар, құддыбір вундеркинд әзірлейтін фабрикадай атмосфера, әрбір интерн ойында мына бірпарақ құжатты алатын бақ бұйырады ма әлде жоқ па деген үрей… Уақыт тоқтап қалуын қалған сол баяғы дайын далып үлгере алмай жатқан студенттер… Осы кезді пайдаланып Тест орталығындағы қызметкерлер әйтеуір жұмыс жасап жатырмыз деп ай-шәйға қарамай акт жазуы. Өздерінің кейде бір-бірімен ұрсысып бізге кедергі жасайтыны ойда жоқ. Сөйтіп Емтихан барысында ШАРАСЫЗДЫҚТАН ұялы телефонына үңілген 5-6 интернді Оқудан шығарады ,олар тіпті қарамағанда. Дәл осы жағдай МЕМЛЕКЕТТІК емтихан кезінде қайталанып еді,біздің деканаттың басшылары декан,декан орынбасары жылы жауып қойып дипломын алуға жағдай жасады. Сонда заң біреулерге жүреді,біреулерге жүрмей ме???? Олар 7 жыл бойы жақсы оқығандар, жұмыс жасап квартираларын өздері төлеп,күнелтіп жүргенде жоғарыда айтқандай сан мың түсініксіз дайындықтар , негізгі емтиханға дайындалуға шама болмады. Дайындыққа келмесең декан орынбасары шақыртып түсінктеме жазасың ,ал ол кісіге бірден кіре алмайсын бірнеше сағат күтіп тұрасың, одан қалса түсініктеме ол кісіге жақпаса қайталап жазып отырасын,сөйтіп бір күнің кетеді. Қысқаша айтқанда Мұнда қатты күйіндіретіні сол бұйрықта шешім қабылдау әділетсіз жүргізілді… Амангелді, Рахымжан, Хамитов, Сапарбеков, Медероваға соткамен ұстаған кезде Тест орталығының бастығы Исина Зауреш Примтаевнаның қызметкерлері Акт жазады, ал МЕМЛЕКЕТТІК емтихан кезінде ұстаған Жагановаға біздің көзімше акт жазылған . Кейін декан, декан орынбасары Жанкалова З.М. мүмкіндік беріп тестке қайта кіргізуді ұйғарады, тесттен 80 балл алған соң өткізеді……. Бізбен бірге Диплом алады, қалайша??? Грантынан айырлып, келесі жылы ақылы түрде келетіндер не үшін жазаланды, осы әділетті ме? Сізден әділдік шешім күтеміз. 7 курс бітіруші интерндер Сіздің шешіміңізді асыға күтеміз… Ілгерірекке көз салсақ барлық студентінен алғыс алған ректорымыз Аканов А.А әрқашан әрбір студенттің мәселесіне жеке-жеке қарап міндетті түрде оң қолдау көрсеткен. Түн ортасында да хабарлассақ та кетәрі болмаған… Сол сияқты адалдық орнатып одан сайын университетіміздің беделін арттыра түсіңізші, бар үмітіміз жалғыз өзіңізде….

Жауап:

Құрметті интерндер!

Сіздерге ағымдағы интерн емтиханында Ж. Амангелді, М. Рахымжан, Э. Хамитов, Е. Сапарбеков, А. Медерованың білім беру бағалау орталығының жасаған актісі бойынша телефон қолданғандығы расталғанын хабарлаймыз. Осылайша, жоғарыда аталған интерндер С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ-дың Ішкі тәртіп Ережесін, 2016-2017 оқу жылына арналған «С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау Ережесін және Академиялық адалдық туралы Ережесін бұзды.

Академиялық адалдық туралы Ережесінің 4.1 п. сәйкес,  кез келген академиялық нормалар бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, оқытушы білім алушыға «қанағаттанарлықсыз», «F», «0» бағасын қоюға міндетті.

Ереже бұзушылық фактілері анықталған кезінде, білім алушы мен ереже бұзушылықты анықтаған университет қызметкерлерінің қолы қойылған ереже бұзушылық актісі толтырылады. Тапсырылмаған пән  академиялық қарыз ретінде есептеледі.

Тәуелсіз аттестаттациялауға дайындық кезінде бірқатар интерндер, соның ішінде Сіздерде, (өзіңіз хаттыңызда  көрсеттіңіз) атап өткен дайындық тестілеулерге қатысқан жоқсыздар. Бұл мәселе бойынша деканат  Сіздерден түсініктеме жаздыртуға мәжбүр болған еді. Түсініктемеде Сіздердің нақты себептерді атап көрсетпегендіктен, Сіздерге қайтадан түсініктеме жазғыздыртуға тура келді.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігер-интерндердің қорытынды  мемлекеттік аттестациялаудың бірінші кезеңінде  Академиялық адалдық туралы Ережесі бойынша бұзушылықтар,сонымен қатар, ұялы телефон мен тиым салынған заттарды пайдалану фактісі анықталмады.

Білім және ғылым ұйымдарында интерн түлектерге кешенді тестілеу жүргізу Тәртібі  бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының тәуелсіз комиссиясы жүргізген 2017 жылдың 15 маусымда өткен қорытынды  мемлекеттік аттестациялаудың бірінші кезеңінде 3 интерн қанағаттанарлықсыз баға алды.

Содан соң, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  тәуелсіз сарапшылардың жүргізуімен 2017 жылдың 12 шілдесінде аталмыш интерндерге қайта тапсыруға рұқсат беріп, нәтижесінде интерндер өту балын жинады.

Қорытынды  мемлекеттік аттестациялаудың екінші кезеңі – тәжірибелік дағдыларды тапсыру барысында, тәжірибелік дағдылар орталығының  қызметкерлері 723-2 топ интерні М.М. Жагановадан ұялы телефонды тек интерннің өз станциясынан шыққан сәттен кейін алды. Орталық қызметкері МАК-тың мүшелеріне аталмыш мәселені мәлімдеді. Видеорегистратор таспасында М.М. Жаганованың емтихан барысында ұялы тефонды қолданбағандығы анықталды. Аталмыш сұрақ МАК-тың мемлекеттік аттестациялық комиссиясының отырысында қарастырылды (2017 жылғы 7 маусымдағы №3 хаттама. Отырыста МАК-тың 11 мүшесі және екі хатшысы қатысты). Қорытындысында комиссия бір ауыздан  М.М. Жаганованың бағасын қалдыру туралы шешім қабылдады.

 


_ _ _

Loading