Жансая Кибаш

03 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Менің есімім Жансая. 2019 жылғы Жас Түлекпін. Ұбт дан 123 бал жинадым және қызыл атестат пен (с отличием) бітірдім. Және ауылдан шыққанмын, сол үшін Ұбт ны ауданда тапсырдым.. Менің білгім келетіні, менің арманым КазҰМУ ға Жалпы Медицина мамандығына граптқа оқуға түсу, енді сұрағым менің алған 123 балыма сельский квотаның балы және қызыл атестатың балы қосылады ма мен грантқа түсе аламын ба? Және мен окуға түсу үшін психометрия тест тапсыруым керек екен. Ал мен ол үшін яғни тесттан өтуге заявление жазу үшін Астана<а баруым керек екен. Ал менің ауылым өье алыста. Соның бір амалы бар ма?

 

Ответ:

Қайырлы күн Жансая!

Ауылдық мектептерді бітірген оқушылар үшін мемлекеттік гранттың  30%  бөлініп, конкурс жүргізіледі. Ауылдық квотаға балл қосылмайды.

2018 жылғы 31 қазандағы № 600 ҚР БжҒМ бұйрығымен  (ҚР БжҒМ 14.06.2019 жылғы № 269 бұйрығымен бекітілген өзгерістер) бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде» жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының келесі топтары:

  • «Жалпы медицина»
  • «Педиатрия»
  • «Стоматология»
  • «Мейірбике ісі»

бойынша оқуға түсу үшін екі емтихан тапсыру керек:

1) психометриялық тестілеу түрінде арнайы емтихан;

2) Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (ҰБТ).

2019 жылдың 20 маусымы мен  7 шілдесі аралығында психометриялық емтиханнан өту үшін өтініштер қабылданады. Психометриялық емтиханды Қазақстан Республикасындағы кез келген МЕДИЦИНАЛЫҚ жоғары оқу орындарында және медициналық факультеттері бар жоғары оқу орындарында тапсыруға болады. Психометриялық тестілеу тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ҰБТсертификаты (бар болса);

Психометриялық емтихан 2019 жыдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Арнаулы емтихан «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдайтын оқу орына ұсыну үшін ведомосынан үзінді беріледі.

Күнтізбелік жылда психометриялық тестілеуді қайта тапсыруға  РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ.

 


_ _ _

Loading