Жансая Иманалиева

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Саламатсыз ба!Мен Мен ҰБТ тапсырып 133 балл жинадым.1 бейіндік пәнім-биология-39 балл,2 бейіндік пәнім -химия-34 балл.Сіздердің оқу орындарыңызға грантқа түсе аламын ба?

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес Ұлттық жоғары оқу орындарына ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина», «Фармация» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі


_ _ _

Loading