Жанерке Қанжекенова

17 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе!
Мен 2017 жылғы абитуриентпін.Ұбт-ден 90 балл жинадым +ауылдық квотам бар,аттестаттың баллы 4,994құрады. 24 күні гранттың конкурсына қатыстым,
1.Жалпы медицина КазНМУ
2.Педиатрия КазНМУ
3.Жалпы медицина Қармму
4.Мейірбике ісі СММУ
Тандаган болатынмын 30% ауылдық квота
Грантқа түсе алмадым,отбасымызда жалғызбасты анам ғана бар.Ақылы оқытуға жағдайы келмейді.Ал гранттың списонында 85-65 баллдармен гратқа түскен КазНМУ-ға .
Бұл сонда қалай болғаны?
Және де ректорлық грант дегенді естідім,ондай грант беріле ме
Маған грант ауадай қажет
Казнму-ға ректорлық грантқа мүмкіндігім бар ма?
Көмектесіңіздерші,менің медицинада оқығым келеді,бала күнгі арманым
Сол үшін қаншама репетиторға барып ,қымбат кітаптарға дейін сатып алып оқығанмын
Сол ректорлық грантқа мүмкіндігім бар ма?

Ответ:

Қайырлы күн! Білім беру гранттарын үлестіру Университет құзіреттілігінде емес. Ол мәселемен Білім Беру және Ғылым Минимтрлігінде арнайы конкурстық Комиссия айналысады.
Өкінішке орай, жеке ректорлық грант біздің университетте қарастырылмайды.


_ _ _

Loading