Жанель Алпысбай

18 Apr 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе!Мен жалпы медицина факультетінің 5курс студентімін(грант бөлімінде). Осы жылы оқу жылын аяқтап,турмыстық жағдайыма байланысты Шымкент қаласына ауысқым келеді.Ауысқан жағдай да грантты сақтап қалуға мумкіндіктер бар ма?академическая мобильность немесе шымкент  қаласында оқитын біздің оқу орынға ауысқысы келетін студентпен келісім шарт жасап ауысуға мүмкіндік бар ма? Жауабыңызға Рақмет!

Ответ:

Құрметті Жанель Алпысбай!

Білім алушыларды  басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылдың 20 қаңтарында шыққан №19 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекелеген ЖОО үшін бекітілген нысаналы орындарға бөлінген квота шегінде түскен білім алушыларды білім беру грантын сақтай отырып бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға болмайды.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары  бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы  ережесі»  бойынша қойылатын негізгі міндетті шарты кезекті академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының толық орындалуы және аралық аттестаттауды тапсырылуы қажет.

Хатыңызда айтылғандай Шымкент қаласында оқитын біздің оқу орынға ауысқысы келетін студентпен келісім шарт жасап, ауысуға болмайды.


_ _ _

Loading