Жанат

25 Nov 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Менің сұрайын дегенім, окулист маманы бойынша қанша жыл оқиды? Және грант қанша баллдан басталады? Тағы да сұрайын дегенім, колледж бітіргендерді университетке қай курстан қабылдайсыздар?

Ответ:

Құрметті Жанат!

Сіз колледжден кейін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не түскіңіз келсе Ұлттық біріңғай тест немесе кешенді тест нәтижесінде 70 баллдан жоғары балл алған болсаңыз, университеттің бірінші курсына келісім-шарт бөліміне студент болып қабылданасыз.

Грантқа өту баллдары жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға, бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады. ( «Егемен Қазақстан» газеті 10 тамыз 2015ж )

Окулист мамандығын игеру үшін жалпы медицина факультетінде 5 жыл -бакалавриат, 2 жыл- интернатура және 2 жыл — резидентурада білім алу қажет.

Толық ақпаратты edu.gov.kz – сайтта алуыңызға болады (Білім грантын беру ережесі).

Барлық сұрақтар бойынша жалпы медицина факультетінің деканатына мына телефондар арқылы хабарласыңыз. 8(7272) 3387039

Декан факультета общей медицины Джумашева Р.Т.

Поисковые слова:

  • https://kaznmu edu kz/blog/жанат-2/

_ _ _

Loading