Дескелді Әділ

04 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Ассалаумағалейкум! Құрметті Нұрғожин Талғат Сейтжанович.Мен 2018 жылғы түлекпін.Сұрағым сіздерде осы жылы жалпы медицинаға грантқа неше балл жинау керек?Ауылдық квота мен үздік аттестат қосқанда неше баллмен түсуге болады?

Жауап:

Құрметті Дескелді Әділ!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының  (Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 қаулысымен өзгертілген) №4 пункті бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады;

№11 пункті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген.

№43 пункті бойыша Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша –»Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» №58 Қаулысының (жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 26.07.2017 №446):

№6 пункті бойынша: Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың басым құқығы бар.

Бұл ретте, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.


_ _ _

Loading