Даниял Байдулла

02 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Сізден сұрайын дегенім универге түсу үшін міндетті түрде жалпылама психометриялық емтихан тапсыру керек пе? 108 баллмен грант иегері бола аламын ба?

Ответ:

Қайырлы күн!

2018 жылғы 31 қазандағы № 600 ҚР БжҒМ бұйрығымен  (ҚР БжҒМ 14.06.2019 жылғы № 269 бұйрығымен бекітілген өзгерістер) бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде» жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының келесі топтары:

  • «Жалпы медицина»
  • «Педиатрия»
  • «Стоматология»
  • «Мейірбике ісі»

бойынша оқуға түсу үшін екі емтихан тапсыру керек:

1) психометриялық тестілеу түрінде арнайы емтихан;

2) Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (ҰБТ).

2019 жылдың 20 маусымы мен  7 шілдесі аралығында психометриялық емтиханнан өту үшін өтініштер қабылданады.

Психометриялық емтиханды Қазақстан Республикасындағы кез келген МЕДИЦИНАЛЫҚ жоғары оқу орындарында және медициналық факультеттері бар жоғары оқу орындарында тапсыруға болады.

Психометриялық тестілеу тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ҰБТсертификаты (бар болса);

Психометриялық емтихан 2019 жыдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Арнаулы емтихан «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдайтын оқу орына ұсыну үшін ведомосынан үзінді беріледі.

Күнтізбелік жылда психометриялық тестілеуді қайта тапсыруға  РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ.

ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру КОНКУРСЫНА қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, ҰБТ нәтижесі бойынша – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.


_ _ _

Loading