Гүлзада Сейлова

15 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсыз ба Талғат Сейтжанұлы.

Мен Фармация факультеті 3 курс студентінің анасымын. Жатахана жағдайын білгім келіп еді. Грант иегеріміз, академиялық үлгеріміде жақсы. Биыл жатахана бөлмелеріне 4 студенттен орналастырады деп естіп едік. Жалпы қандай жағдайларда жатахана беріледі?Қай уақытта және қайда хабарласуымыз керек?
Алдын ала рахмет.
Сейлова Гүлзада.

Ответ:

Сәлеметсіз бе,  Гүлзада Сейлова!

Студенттерге жатақханадан орын беру  төмендегі  критерийлерге сәйкес, комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады:

  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге.
  2. I, II топ мүгедектеріне, бала кезінен мүгедек студенттерге (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
  3. Отбасылы студенттерге, егер де, олардың біреуінің немесе екеуінің де ата- аналары I, II топтағы мүгедек болған жағдайда  (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
  4. Көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге (нотариалды куәландырылған туу туралы куәлігінің көшірмесі болған жағдайда).
  5. Бір отбасынан шыққан студеттерге, егер де ата-аналары біреуі немесе екеуі Ауғаныстандағы соғысқа қатысқан немесе Чернобыльда қызмет атқарған болса.
  6. Студенттің ата-анасының екеуі де зейнеткерлер болған жағдайда.
  7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан студенттерге.

_ _ _

Loading