Гүлжахан Құлымбет

20 Dec 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Құрметті  Гүлжахан Құлымбет!

 Сіздің сұрағыңызға жауабымыз: «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережелері бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20- сәуірдегі № 152 бұйрығы),«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19- қаңтардағы № 110 үкімі) және         «Оқу үдерісін ұйымдастырудың ережелеріне сәйкес» РМК С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 2012 жылдың 23 қазандағы №54 ректордың бұйрығы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де студенттерді курстан курсқа көшіру тәртібі белгіленген.

Егер студент пән бойынша қанағаттандырылмаған баға алса, ол пәнді жазғы қосымша семестр кезінде  ақылы түрде қайта оқып, емтихан тапсыруға құқығы бар, бұл жағдайда грант сақталады.

Ал егер, қайта жазғы семестрді өту кезінде тағы да қанағаттандырылмаған баға алса, сондай-ақ аталған  пән келесі курсқа ауысу үшін преревизиттік пән болса,  студент грант иегері құқығынан айырылып, қайталап оқу курсында ақылы оқуға  калады.

 


_ _ _

Loading