Галия Несипбекова

30 Nov 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Құрметті, Айкан Ақанұлы!!!! Мен жалпы медицина факультетінің 5 курс студентімін. Бізде қазіргі уақытта психиатрия циклі жүріп жатыр. Осы цикл бойынша қазақша негізі оқулық жоқ.
сол себепті осы циклда қиындықтар туып жатыр.
өйткені, пән өте қиын және біз осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырамыз. Емтиханды нәтижелі тапсыру үшін қазақша оқулықты кітапханаға тапсыруыңызды өтінеміз. Негізінен, кей студенттердің қолынан және Астана Медицина Университетінде  білім алатынын танысым арқылы  проф.Сарсембаев К.Т. кітабы туралы білдім. Неге біз қазақ тілінде жаңа кітап бола тұрып, 1989ж баспадан шыққан көне орыс тілінде жазылған кітапты оқуымыз керек? Сізден 2010ж жарық көрген проф.Сарсембаевтын негізгі оқулығын кітапханадан студенттерге берілуін сураймын!!! Ð
�лдын ала сізге үлкен РАХМЕТ!

 

Құрметті  Галия  Несипбекова!

                  

2012-2013 оқу жылында «Психиатрия» пәні бойынша студенттерге арналған оқу  құралдарымен  (әдебиеттері) кітапхана толық  қамтылған.  Мысалы: Г.М. Құдиярова, 2008ж. «Психиатрия» — 600 дана, Р. Илешева, 1995 ж. «Психиатрия» — 788 дана және т.б.

2013 жылы проф. К.Т. Сарсембаевтың «Психиатрия» оқулығын 1200 дана көлемінде сатып алу жоспарланған.

 

 

 

 

 


_ _ _

Loading