Ботакоз Худайбергенова

27 Jul 2020  |  Опубликовано в От абитуриента

Вопрос:

Мен Казиева Умида Өзбекстанда жасаймын ұлтым Қазақ. С.Д Асфендияров атындағы Қазақстан Ұлттық Медицина Университетіне оқуға түсу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? Оқудың бір жылдық төлем контракты Шет ел қазақтары үшін неше теңге?

Ответ:

Құрметті  Ботакоз Худайбергенова!

Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Акылы окуға ҰБТ қайта тапсыру 25 шілде 1 тамыз  аралығында http://www.testcenter.kz/ сайында тіркеле аласыз.

Оқуға түсушілер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге:

1)  Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа) және қосымшасын;

2)  3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

3)  086-У нысанындағы медициналық анықтаманы (бар болса);

4)  ҰБТ сертификатын;

5)   Психометриялық емтихан ведомостан үзіндіні (арнаулы дайындықты талап ететін «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін)

6)  Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт) және оның көшірмесін қоса береді.

Оқу ақысының құнын келесі сілтеме арқылы көре аласыз  https://kaznmu.kz/rus/wp-content/uploads/2020/06/razmer-oplaty-za-obuchenie-na-2020-2021gg.pdf

Барлық сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласыныз. Тел: 8-727-338-70-27, 8-727-338-70-90 (ішкі  70-71, 73-50)


_ _ _

Loading