Бауыржан Бақытс

05 Jan 2016  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Құрметті Айқан Айқанұлы! мен келесі жылы С.Ж.Асфендияров Университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне оқуға түспекшімін және осы факултетті бітірген сон қандай маман бола алады? кім болып жұмыс істейді? Алдын ала жауабыңызға рахмет!

Ответ:

Сәлематсізбе Бауыржан Бақытс!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінде – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бар.

5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке жоғары медициналық білім туралы диплом дәрежесі беріледі. Бұрынғы аталуы СЭС болатын, қазіргі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі болды, сол саланың эпидемиология, коммуналды гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология, паразитология маманы ретінде дербес тәжірибелік қызметке жіберіледі.

5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша: денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызметтер сапасы бойынша, медициналық қызметтер стратегиясы мен маркетинг бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және әдіснамасы бойынша), денсаулық сақтау саласында персоналмен жұмыс істеу жөніндегі менеджер (hr-менеджмент), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер), денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімінің жетекшісі, денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары, денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Екі мамандық бойынша да магистратурамен жалғастыруға болады.

Оқу мерзімі: 5 жыл


_ _ _

Loading