Ата-ана

25 Nov 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Құрметті ректор мырза! Біздің жатақхана мәселесі бойынша жасаған шағымымызды оқып, жауап бергеніңізге алғысымыз шексіз. Бірақ, өкінішке орай Алматы қаласына барып сіз айтқан кісілерге жолығу біз үшін қиын. Себебі, шалғайда тұрамыз, барып келу үшін 30-35 мың теңге кетеді, сонымен қатар Алматы қаласында тұратын туыстарымыз жоқ. Университетке барып мәселені тағы да көтерсек, балама зияны тиіп кетеді ме деп қорқамын. Бірақ, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды дейді, қызметкерлеріңізді ескертіп, тәртіпке салып қоюды сұраймыз. Ізгі ниетпен: Ата-ана

Ответ:

Құрметті ата-ана!

Біздің университете студенттердің әлеуметтік жағдайы және жатақханадан орын беру сұрақтарымен айналысатын деканаттан басқа Әлеуметтік-тәрбие жөніндегі басқарма бар сондықтан жатақханадан орын беру сұрақтарын декан, деканның орынбасары немесе департамент директоры шешпейді. Олардың өтініштерін «РМК С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жатақханасынан орын бөлу және орналастыру Нұсқауына» сәйкес әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия қарастырады.

Осы оқу жылында университет 500 астам шетел студенттерін қабылдады.Келісім шарт және миграциялық заңға байланысты олар біріншіден оқуға келген жеріне тіркеуге алынуы қажет, сол себепті жоғарыда көрсетілген студенттерге жатақханадан орын қалдыруға мұқтаж болдық. Шетел студенттерінің біртіндеп келуіне байланысты(ҚР Сыртқы істер министрлігінің шешімі) жатақханаға орналасу үдерісі қараша айына дейін созылды. Соның өзінде келген студенттердің тек 400-не жатақханадан орын бөлінді. Қалған 100 орын қосымша тізімде тұрған студенттерге, талап етілген құжаттарға сәйкес берілді. Сіздің баланыз сол тізімде болса жатақханадан орын алған болуы керек.

Студенттерге көрсетілген әлеуметтік көмек(соның ішінде жатақханадан орын беру) туралы ақпараттарды Универсеттің сайтынан алып көруге болады, ақпарат ылғи жаңартырылып тұрады.

Ал парақорлық бойынша нақты дәлелініз болса, ашық түрде балаңыз қорықпай, өзі келіп оқу-әдістемелік және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Төлебаев Қазбек Ағабыл ұлына немесе маған тікелей жолығуына болады. Сол кезде ғана біз шара қолдана аламыз.

ӘТЖББ бастығы Султанова Макпал Табылды қызы.


_ _ _

Loading