Анар Талпақова

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Анар Талпақова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті ректор мырза! Мен биылғы 2012 жылғы ҰБТ-дан 82 балл, орыс тілін алып тастағанда 67 балл жинадым. Таңдаған пәнім — биология! Биологиядан 23 балл жинадым. Мен Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылындағы №147 орта мектептің түлегімін. Ұлттық университеттін өту баллы 70. Биылғы ҰБТ-ның қиындығына байланысты балл түспейді ме? Менің ауылдық квотам бар, осы квотаның бір пайдасы бар ма?Анар Талпақова

 

Саламатсыз ба, Анар!    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.  Ауыл квотасы гранттардың жалпы санының 30% құрайды, ауылдық квотаға балл қосылмайды.

 


_ _ _

Loading