Анаргуль Сарина

02 Nov 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салематсызба! Менің қызым КРМУ 1 курс жалпы медицина грантта оқиды.Асфендияров университетінің қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне ауыса алама грантпен.

Ответ:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Сіздің оқу орнын ауыстыруға мүмкіндігіңіз бар, бірақ Сіз ҚРМУ-нің «Жалпы медицина» оқу бағдарламасынан С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Қоғамдық денсаулық сақтау» оқу бағдарламасына білім грантын сақтап ауыса алмайсыз, себебі білім грантын сақтап қалу үшін оқу бағдарламаларының тобы бір болуы тиіс.

Егер сіз «Қоғамдық денсаулық сақтау» оқу бағдарламасына ақылы негізде ауысуға ниет білдірсеңіз, 2020 жылдың 27 тамызы № 375 бұйрықпен бекітілген «Академиялық саясаттың» төмендегі ережелерін басшылыққа алуды сұраймыз:

— білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады;

— бірінші академиялық кезен толық меңгерілуі тиіс;

— ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатындағы балл саны 65-тен төмен болмауы керек.

Ақылы негізде білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

— басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;
— қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке транскрипттің, ҰБТ куәлігінің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;
— мектеп деканы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді, «Сириус» АИЖ-де трансферт толтырады және комиссияның қарастыруына ұсынады;
— мектеп деканы комиссияның оң шешімінен кейін білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді және білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарылады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: тел.:+7-727-338-70-37; ұялы тел.+77004898996.


_ _ _

Loading