Альфия Бекболатова

22 Sep 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Альфия Бекболатова <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Курметти Айкан Аканулы!!!Сизге коп рахмет арбир адамнын койган сурагына, тилек ниеттерине изгиликпен жауап бересиз!!Осыдан сиздин жауапты ,адил басшы екениниз коринеди!!  Сизге кояр сурагым: мен казир мед.колледжде «МЕЙИРБИКЕ ИСИ» мамандыгы бойынша окып жатырмын.Келеси жылы КНМУ-га «Жалпы медицина» туским келеди.»Мейирбике исимен» ари карай «Жалпы медицинада» окып ари карай даригер бола алам ба??? Жанеде кешенди тестен неше балл жинау керек.Кандай пандерден тапсыру кажет.Жауабынызга алдын ала рахмет!!Алланын нуры жаусын!!!!

Ответ:

Құрметті Альфия!

Медицина колледжін тамамдаған соң, Білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін кешенді тестілеуден өтуіңіз керек.

Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім беру бағдарламалары бойынша 4 пән бойынша жүргізіледі:

1. Математика;

2. Қазақ немесе орыс тілі ;

3. Қазақстан тарихы;

4. Профиль бойынша пән

Медицина колледжін бітірген студенттер оқуды 1 курстан бастап, жалпымен бірдей оқиды, оқу мерзімі қысқартылмайды.

Барлық медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен анықталады. Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2015 жылы мемлекеттік білім грантын алудың баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты.


_ _ _

Loading