Алтынай Ахметова

20 Apr 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсыз ба! Құрметті Аканов Айкан Аканович! Мен, Ахметова Алтынай Асылбековна Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің грант негізінде оқитын 3 курс студентімін. Оқу орнына ауылдық квотамен,11 сыныптан кейін 74 балмен оқуға тустім. Сізден сурайын дегенім, осы оқу орнынан Сіздердің оқу орындарыңызға ауыса аламын ба? Ауысуға болса грант жоғалтып алмаймын ба?(Жалпы өзім Алматы обл,Есік қаласында тұрамын.Толық жетім болуыма байланысты жеңілдіктер болып,ауысума мүмкіндіктер бар ма?) Сұрағымды қабылдап, жауап бергеніңізге рахмет!

Ответ:

Құрметті Алтынай Ахметова!

Білім алушылардың басқа жоғарғы оқу орнынан ауысуы ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтар айындағы №110 қаулысымен бекітілген «Жоғары бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы ережесі» бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 10 сәуіріндегі №328 қаулысымен бекітілген осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырылуларға сәйкес: Студенттер мен магистранттарды басқа жоғары оқу орнынан ұлттық жоғарғы оқу орнына ауыстыру ақылы негізде жүзеге асырылады. Сонымен қатар студенттің үлгерімі жақсы болуы және ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы баллы 60-тан төмен болмауы шарт.

Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес ауысу тек қысқы немесе жазғы каникул мерзімінде ғана жүзеге асырылады.

Студенттің әлеуметтік жағдайына байланысты жеңілдіктер түрі жоғарыда аталған ережеде қарастырылмаған.

Поисковые слова:

  • https://kaznmu edu kz/blog/category/вопросы-ответы/page/169/

_ _ _

Loading