Айнур Куандыкова

11 Apr 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Сәлеметсізбе мен сізден сұрайын деп едім ата — анасы жоқ студентке  универдің атынан магистратураға түсуге көмек бола ма? Грантка тусе алмаған жағдайда? ҚДС факультетінде оқимын 4 курс. Менің ата — анам жоқ, маған уайым болып жур магистратура, грант аз бөлінеді.

Ответ:

Қайырлы күн, Айнур!

Университетімізде білім алушыларға жеңілдік  көрсету жөнінде жұмыс жасайтын Әлеуметтік комиссия құрылған.

Университетіміздің Әлеуметтік комиссияның ережесіне сәйкес, «жетім» категориясы бойынша білім алушыларға 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Жеңілдік алу үшін қажет құжаттар тізімі:

— ректордың атына өтініш

— жеке төлқұжат көшірме

— сынақ кітапшасының көшірмесі

— қайтыс болу туралы куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі.

 


_ _ _

Loading