Айнагуль Ахметова

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсізбе ! Биыл қызым оқу бітіріді.Сертификат балы 97.Грант оқу бөліміне немесе ақылы оқуға түсе ала ма ? Құжаттарды қай уақытта тапсыруға болады ?
Сізден жауап күтемін.Рахмет

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданады.


_ _ _

Loading