Аймөлдір Нұрбек

05 Feb 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Мен 2019 түлегімін.Бұйыртса осы жылы ҰБТ тапсырамын.Менің сұрайын дегенім КазҰМУ-де мүгедектік бойынша қандай да бір жеңілдіктер барма? Грантқа түсуге шекті қанша балл алу керек?(жалпы медицина)

 

 

Ответ:

Сәлеметсіз бе? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысының 12 тармағына байланысты:

 12. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде балдары тең болған жағдайда мынадай кезектілік бойынша:

1) ……

2) ……

3) …..

4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдер жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар басым құқыққа ие.

Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орташа балдары бар адамдарға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2018 жылғы «31» қазандағы № 600 бұйрығының 1 қосымшасыныің 2 тарауының 9 тармағына байланысты Жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. 


_ _ _

Loading