Айгерим Темурова

29 Aug 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Айгерим Темурова <[email protected]>

Тема вопроса: От абитуриента

Вопрос:
салеметсиз бе, Айкан Аканулы! сизге сурагым, студент кандай жагдайда гранттан алынады? жане кызыл диплом алу ушин экзаменди жаксы тапсыру керек пе? (толыгырак) алдын ала рахмет!!!

Ответ:

Құрметті Айгерим!

 1. 23 желтоқсан 2009 ж. «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ішкі тәртіп ережесі» 11.10 пункты бойынша төмендегі жағдайларда студент мемлекеттік грантынан алынады:

* Курстан курсқа көшу GPA балы жеткіліксіз кезінде

* Оқу тәртібін бұзған жағдайда

* Академиялық қарызын өтемегенде

* Пререквизит пәнінен «қанағаттанарлықсыз» баға алғанда

* Университетпен байланысын үзгенде (себепсіз сабақ жібергенде, 30 күн қатарынан сабаққа қатыспаса)

* Білім алушы әр түрлі дөрекілік істер жасау кезінде (алкоголь, наркотикалық, психотропты заттар қолданса немесе таратса, санитарлы-гигиеналық ережелерді бұзса,емтихан тапсыру кезінде басқа студенттің орнына кірсе, оқытушыны сыйламаған жағдайда, Университет уставын бұзғанда, қоғамға қарсы рұқсат етілмеген қимыл-іс әрекеттерді жасаса және т.б)

2. Қызыл диплом алу үшін мемлекеттік емтихандардың бағасы (қазақстан тарихы, қорытынды мемлекеттік аттестация) пәндерінен үздік баға және басқа пәндерден де үлгеріміңіз өте жақсы көрсеткіштер болу қажет.


_ _ _

Loading