От студента

28 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: АРМАН АМИРЕЕВ

Саламатсыз ба , құрметті Айқан Ақанұлы! Мен Жалпы Медицина мамандығы бойынша алғашқы жол бастап келе жатқан студенттердің бірімін және жолдастарымның біразының көкейінде жүрген мәселені білгім келеді. Біз келесі жылы Бакалавриат 5 курсты аяқтаймыз. Соған байланысты біздің қолымызға арнайы диплом беріледі ме, әлде сертификат па??? Негізі менің білуімше Шетелдерде Бакалавриатты бітірушілер арнайы диплом алады(оның ішінде дәрігерлер де бар). Бакалавриатты аяқтасақ, соны куәлайтын құжат берілуі тиіс деп санаймын.

 

Құрметті Арман!

ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Жалпы медицина» — 051301 мамандығы бойынша (5+2) бітірген түлекке дәрігер біліктілігін алғандығын растайтын  жоғары медициналық білімі туралы диплом, өткен пәндері бойынша бағалары жазылған академиялық анықтама, және интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.

Егер түлек 5 жылдан кейін клиникалық тәжірибеге қатысы жоқ жұмысты атқаруға шешім қабылдаса, медициналық бакалавр академиялық дәрежесі берілгендігі туралы жоғары медициналық білім алғандығын растайтын диплом, өткен пәндері бойынша бағалары жазылған академиялық анықтама беріледі.

 


_ _ _

Комментарии закрыты.

Loading